«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже


1. Жалпы ережелер

1. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - коммуналдық меншікті иелену, пайдалану және иеліктен шығару, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікті дайындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өзінің атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

4. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

6. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050040, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 303.

9. Толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Управление государственных активов города Алматы».

10. Осы Ереже «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен, «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.


2. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мемлекеттік активтердің нарықтық құнын, инвестициялық тартымдылығын арттыру.

14. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты: мемлекеттік активтерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету, барынша ашық мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде бизнесті ынталандыру және бәсекелестікті дамыту.

15 «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) ведомствоға қарасты ұйымдармен мемлекет және халықтың негізгі мүдделі тараптары ретіндегі қызығушылығын ескере отырып, олардың нарықтық құны және табыстылығын барынша ұлғайтуға бағдарланған корпоративтік басқару принциптерінің енгізілуі;

2) ведомствоға қарасты ұйымдардың ашықтығын және есеп берушілігін қамтамасыз ету, бизнес-процестерді оңтайландыру және сандық технологиялар негізінде қызметтердің сапасын арттыру;

3) Yellow Pages принципі бойынша қызметтің бейінді емес түрлерін бәсекелес ортаға беру арқылы активтер портфелін оңтайландыру;

4) материалдық активтерден максималды пайда алу үшін, олардың сенімділігін, қауіпсіздігін, құндылығын және өтімділігін арттыру және оларды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту;

5) мемлекеттік сатып алулар жүргізу кезінде үнемдеуді қамтамасыз ету;

6) Алматы қаласының коммуналдық меншігін басқару;

7) Алматы қаласының шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындау;

8) Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.

16 «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізінде анықталған:

1) мемлекет пен халықтың мүддесін көздей отыра, мемлекеттік активтерді тиімді басқару;

2) коммуналдық мүлікті басқару және оны қорғау шараларын жүзеге асыру;

3) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;

4) коммуналдық мүлікті басқару тиімділігінің мониторингі;

5) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақтығына бақылауды қамтамасыз ету;

6) коммуналдық мүлік тізілімін жүргізу;

7) коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, сонымен қатар түгендеу жүргізу;

8) коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе олардың жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті алу немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;

9) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған коммуналдық заңды тұлғалардың артық немесе мақсатына сай емес пайдаланылатын мүлкін алып қоюды жүзеге асыру;

10) мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бір түрінен екiншiсіне беру және қабылдау жұмыстарын қамтамасыз ету;

11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау;

12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Алматы қаласының коммуналдық меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті сұрыптау, санау, тасымалдау, есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

13) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне құқықтарды мемлекеттің сатып алуы жөніндегі рәсімді жүргізу;

14) коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру, жекешелендіру нысанын сатып алу-сату шарттарын жасауды және дайындауды жүзеге асыру, сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау;

15) коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру, кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға сенiмгерлiк басқаруға беру немесе өтеусіз негізде кейіннен беру құқығымен шағын кәсiпкерлiк субъектілерінің жеке меншігіне ұсыну;

16) коммуналдық заңды тұлғаларды және акционерлік қоғамдарды (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді) бәсекелес ортаға беру мәселесі жөніндегі қызметке талдау;

17) мүліктік жалдау (жалға алу) шарттары, коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару және өтеусіз пайдалану шарттары талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

18) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының жобаларын келісу;

19) құрылтайшысы «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылатын, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуына талдау;

20) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша анықталған, Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен коммуналдық заңды тұлғалардың және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) артық немесе мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін алып қою бойынша ұсыныстар әзірлеу;

21) Алматы қаласының коммуналдық меншігін, сонымен қатар акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік акциялар пакеттерін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттің қатысу үлестерін басқару мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігінің саясатын әзірлеуге, қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

22) акционерлік қоғам (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) тапқан таза табысты бөлу туралы уақтылы шешім қабылдау және акционерлік қоғаммен (жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесі) дивидендтердің аударылуы;

23) акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде жергілікті атқарушы орган белгілеген мөлшерде дивидендтерді төлеуге акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін бағыттау үшін шаралар қабылдау;

24) Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен акционерлік қоғамдарда (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде) корпоративтік басқару принциптерін енгізу бойынша қызметті үйлестіру;

25) Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен коммуналдық мемлекеттік мекемелердің және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

26) Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттеріне дивидендтердің және Алматы қаласы әкімдігінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері мен мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігінің уақытылы және толық есептелуіне және аударылуына мониторинг;

27) Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлерінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қатысушыларының) жалпы жиналысында қабылдау үшін ұсынылатын шешімдер жобаларын келісу;

28) Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен акционерлік қоғамдарда (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде) корпоративтік басқарудың үздік тәжірибесі бойынша ашықтықты қамтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру;

29) Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінің базасына Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен коммуналдық мемлекеттік мекемелер және акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) есептіліктерінің уақытылы ұсынылуына мониторинг;

30) сандық технологиялар негізінде Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен коммуналдық мемлекеттік мекемелер және акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) көрсететін қызметтердің сапасын арттыру бойынша қызметті үйлестіру;

31) Алматы қаласы әкімдігінің қатысуымен коммуналдық мемлекеттік мекемелердің және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қайта құрылуына және таратылуына мониторинг;

32) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысумен акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шетеулі серіктестіктердің қызмет етуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;

33) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

34) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асырады;

35) жергілікті атқарушы органның атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектекулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асыру;

36) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысына акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) тағайындау үшін кандидатура ұсыну және жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесін (байқау кеңестерін) жергілікті атқарушы органдармен келісу арқылы қалыптастыру;

37) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді ішкі мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

38) конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысымен мемлекеттік сатып алудың қайта өткізілуі;

39) қажет болған жағдайда сарапшыларды тарту арқылы әлеуетті жеткізушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамаларының сәйкестігіне сараптамалық қорытынды дайындауға қатысу үшін сараптама комиссиясын құру;

40) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

41) Алматы қаласының Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары бойынша мемлекеттік сатып алу мониторингін жүзеге асыру;

42) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты жүргізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын анықтау бойынша конкурс өткізу;

43) мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кінәрат-қуыным жұмысын жүргізу;

44) Алматы қаласының шоғырландырылған қаржылық есебін жасау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыну;

45) коммуналдық мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласын үйлестіру;

46) Алматы қаласының бюджетінен «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бөлінетін қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауды және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасына сәйкес тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің сатып алынуын қамтамасыз ету;

47) «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қала әкіміне материалдар дайындау;

48) азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау;

48) гендерлік аспектілерді қарау;

50) тұрғын үй-жайларын қоспағанда, мүлікті иесіз деп тану бойынша сотқа қуыным жасау.

17. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 118 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы
1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 8 бабына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес айқындалған.

1) Алматы қаласы бойынша коммуналдық меншік, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар мен шоғырландырылған қаржы есебінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан лауазымыды тұлғалардан және азаматтардан сұрау және алу;

2) Алматы қаласының әкіміне мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар құру, қайта құру және тарату мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізу;

3) кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті қаржылық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ, коммуналдық меншікті пайдаланумен байланысты мәселелер жөнінде ақпараттар сұрау және алу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім енгізу;

5) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті, сонымен қатар тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамалары, жобалық-сметалық құжаттамалар, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттың жобасы, тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясы туралы, сондай-ақ басқа да қосымша ақпараттарды сұрау;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа талап арыз беру;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.


3. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болатын Басшы жүзеге асырады;

19. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Басшының өкілеттігі:

1) «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметтерін жүзеге асыруына жеке жауапкершілікте болады.

2) өз орынбасарларының және «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының міндеттемелері мен уәкілеттіктерін белгілейді;

3) «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдауға жеке жауапкершілікте болады;

4) «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;

6) өз уәкілеттіктері шегінде бұйрықтар шығарады;

7) «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені бекітеді;

8) «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда таныстырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде, оның өкілеттігін орындау қолданыстағы заңнамасына сәйкес, басшының міндетін уақытша атқарушы тұлғамен жүзеге асырылады.

22. Басшы өз орынбасарларының уәкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


4. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

23. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, заңнамамен көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі болуы мүмкін.

«Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі, оған меншік иесі берген сондай-ақ, (ақша кірістерін қосқанда) өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүліктер есебінен құралады.

24. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқығы жоқ.


5. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

26. «Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.